INTEGRITY
Оқиғалар мен бастамалар
Біз академиялық және кәсіби адалдықты дамытамыз, сондықтан әртүрлі бастамалар мен іс-шараларды жүзеге асырамыз
Подкасттар
Әр бейсенбіде Instagram аккаунтымызда жеке және кәсіби даму (университетке түсу және таңдау, мансап құру, жеке тәжірибе мен пікірлер) бойынша әртүрлі спикерлердің подкасттарын тыңдай аласыз.
Пікірлер
Ай сайын «Шолу/Обзор» бөлімінде жобамыздың қатысушылары кітаптар, фильмдер, подкасттар - қызығушылық тудырған барлық нәрселер туралы өз пікірлерімен бөліседі. Біздің Instagram аккаунтымызға қосылыңыз!
Форум
Біз жыл сайын 1 маусымда Академиялық және кәсіби адалдық форумын өткіземіз, онда қатысушылар пікірталас жүргізіп, білімдерін тереңдетіп, түсініктер ала алады.
Telegram
Академиялық және кәсіби адалдық туралы толық және сапалы ақпаратты Telegram аккаунтымыздан ала аласыз.
Вебинарлар
Біз серіктестерімізбен бірге келесі тақырыптарда вебинарлар, ақпараттық сессиялар мен семинарлар өткіземіз: академиялық және кәсіби ортада адалдық пен этика қағидасы қалай жұмыс істейді, бұзушылықтардың алдын алу құралдары мен әдістері; сәйкестік.
Кітап клубы
Серіктестеріміз Қозыбаев университетімен және Назарбаев университетінің кітапханасымен бірге біз виртуалды кітап клубының кездесулерін өткіземіз, онда мүшелер қызықты кітаптармен бөлісіп, талқылай алады.
Эссе байқауы
Біз студенттер арасында академиялық/кәсіби адалдықты насихаттау тақырыбы бойынша ең жақсы эссе байқауын өткіздік.
Бастама бар ма?
Егер сізде академиялық және кәсіби адалдықты ілгерілетуді қаласаңыз немесе бірлесіп жұмыс істегіңіз келсе, бізге integrity@nu.edu.kz мекенжайы бойынша хабарласыңыз.

© Все права защищены. Integrity